Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис
Жаңалықтар

Жаңа жылдық шырша
29 желтоқсанда М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында аз қамтылған отбасылардан шыққан, Астана қаласындағы Балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар қатысқан жаңа жылдық шырша өтті. Шара жылы және ертегідей атмосферада өтті. Балалар Аяз ата мен Ақша қармен бірге айналып, ертегі кейіпкерлерімен ән айтып, би билеп, көңілді ойындар мен сайыстарға қатысты. Шыршаның екінші бөлімінде балаларға мерекелік қойылым көрсетілді. Шараны ұйымдастырушылар мерекені жарқын әсерлер мен жақсы көңіл-күйге толы етуге тырысты! Әсем безендіру, қызықты қойылымдар ешкімді бей-жай қалдырмады. Мерекеге келген әр бала сыйлық алды.
Жалпы, жаңа жыл күндері "Ақниет Қоры" қайырымдылық қорынан 450 бала жұмсақ ойыншықтар, дамыту ойындары, конструкторлар, машинкалар және тағы басқа түрлі сыйлықтар алды. Қордың қамқоршылық кеңесі Оқушылар сарайының басшылығына жарқын мерекелік шара үшін; суретші, дизайнер Жанатбек Байсенгіровке жыл сайынғы әдемі баннерлері мен басқа да безендірулері үшін, сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары Б.Г. Жаманқұловқа, Амангүл Оразайға және жерге орналастыру факультетінің студенттері А. Коменбайға, Р. Кирилловаға, К. Нигматоваға волонтерлік көмектері үшін алғыс білдірді.





