Не опоздай с добром

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - Жұма
сағат 10-нан 18.00ге дейін

Жаңалықтар

24.10.24

Жақсылық жасауға асық!

"Жақсылық жасауға асық!" - осындай ұранмен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында кезекті қайырымдылық концерт өтті. Концерт ұйымдастырушылары - "Ақниет" жеке қайырымдылық қоры. Концерттің басты мақсаты - "Ақниет қайырымдылық қорын қайырымдылық қызметіне бей-жай қарамайтын және оған белсенді қатысатын ұйым ретінде таныстыру. Қордың негізгі міндеттері церебральды сал ауруы, басқа да ауыр аурулар диагнозы қойылған балаларды емдеуге және оңалтуға қаражат жинау, науқас балаларға әлеуметтік және пихологиялық көмек көрсету, сондай-ақ науқас балалардың проблемаларына қоғамдық назар аудару болып табылады.

            Концерт басталар алдында  қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, онда Ақкөл қаласындағы балалар үйінің тәрбиенушілері өз қолдарымен жасаған қолөнер (картиналар, тоқылған заттар, киізден жасалған бұйымдар, кәдесыйлар және бисерден жасалған зергерлік бұйымдар және т.б.) ұсынды.

              Концертке Қазақстан Республикасының атақты артистері - Светлана Айтпаева, Бекболат Байсағатов, Құрмаш Махан, Айнұр Жүгінісова, Ринат Малцагов, "Ұлттық Ұлан" артістері, сондай-ақ елорданың Балалар шығармашылық ұжымдары қатысты.

               "Ақниет" қорын қолдауға қаланың көптеген тұрғындары келді, зал толды. Концерт жоғары деңгейде өтті. Концертке келгендердің барлығы шығармашылық атмосфераға еніп, сұйікті әртістерінің қойылымдарын тамашалады. Ән жанрларымен қатар балалар шығармашылық ұжымдары түрлі би қойылымдарымен таң қалдырды және қуантты. Концерт барысында Қордың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

               Концерттен түскен барлық қаражат қымбат емделуге мұқтаж нақты балаларды емдеуге және оңалтуға бағытталатын болады.

               "Ақниет қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесі әр түрлі ұйымдардың басшылары мен ұжымдарына алғысын білдіреді -  Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы, Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайы, № 1, 11, 12, "Достық МСАК орталығының" МКК, Қазақ зағиптар қоғамы, "Өмірді сезіну" орталығы, "Палитра" ЖК, Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесі, "Романовский продукт" компаниясы, "Пик Ютария LTD" ЖШС, Ақкөл қаласындағы Балалар үйі, №1, 13, 20, 26, 69 орта мектептері,   "Кун Томи" орталығы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, әртістер, демеушілер, концертке келген барлық қамқор адамдар.