Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис
Проекты - добрые дела фонда

Кәсіби тәлімгерлік
"Кәсіби тәлімгерлік" іс-шаралар блогының жалғасында, атап айтқанда IT бағытында Ақкөл қаласындағы Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мастер-класс ұйымдастырылды. "Oyan" компаниясының атқарушы директоры Темірлан Мұқашев келесі тақырыптарды қозғады:
- Киберқауіпсіздік және желіде өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады
- ДК пайдалану негіздері
- Жүйелік блоктың құрамдас бөліктері
- Ақпараттық технологиялардың қызмет саласының түрлері
Осы қызмет саласы бойынша алынған ақпарат балалар үшін пайдалы және танымдық болды. Бұл кездесуді "Сәттілік формуласы" деп те атауға болады, өйткені қонақтар өз уақытында мансаптық өсу жолындағы қиындықтарды қалай жеңгендері туралы айтып, жеке тәжірибелерінен нақты мысалдар келтірді.
Қордың Қамқоршылық кеңесі "ANZ Group" компаниясының қызметкерлеріне Асхат Әшімовке, Жанат Рахымжановқа, Әсет Базековке, Темірлан Мұқашевке, Оңғарбек Лимановқа берілген уақыт пен көңіл бөлгені үшін үлкен алғысын білдіреді.





