Не опоздай с добром

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - Жұма
сағат 10-нан 18.00ге дейін

Проекты - добрые дела фонда

Жақсылық жолымен 2023

Қазақстанда  ресми түрде "Мектепке жол" атты республикалық акция басталды.  Бұл акция Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің  бастамасы бойынша Қазақстанның барлық қалаларында өтіп жатыр. Биыл, дәстүр бойынша  біздің "Ақниет" қайырымдылық қоры  "Мектепке жол" атты республикалық қайырымдылық іс-шараға белсенді қатысты. "Мектепке жол"  республикалық қайырымдылық акцияның мақсаты - мектепке дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз  қалған балаларға  көмек көрсету. Баланы мектепке дайындау, қажетті заттарды сатып алу - біраз қаражат талап етеді. Әсіресе, бірнеше оқушылары бар аз қамтылған  және өмірлік  қиындық жағдайдағы   отбасыларға өте қиын.

           "Ақниет" қорының мерейтойлық жылы Астана қаласы және Ақмола облысындағы 2 500 мектеп жастағы балалар оқушы сөмкелері және қажетті кеңсе жарақтарын сыйға қабылдады. Ақмола облысы Білім Басқармасы әкімшілігі, облыстың 19 аудандық білім бөлімдері, 11, 12, 14 қалалық емханалар басшылары, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы, Қазақ соқырлар қоғамы, "Ерекше мейрамдар" қайырымдылық қоры және Астана қаласы орта мектептерінің басшылары балаларға қамқорлық танытып, көмек көрсеткендері үшін біздің қорға өз алғыстарын білдіруде.

            Бұл іс-шараға ерікті көмекті "Тұран" университетінің студенттері көрсетті. "Ақниет" жеке қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесі жастардың игі іске қатысқандары үшін алғысын білдіреді. Біз барлық оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз және балалардың мектеп қадамдары жеңіл болып, ал оқулары қызықты болады деп сенеміз!