Не опоздай с добром

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - Жұма
сағат 10-нан 18.00ге дейін

Проекты - добрые дела фонда

"Жақсылық жолы - 2025" жобасы

 Елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы 2025 жылдың 1 тамызында басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияның негізгі мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.

             Биылғы жылы оқу жылының басталуы қарсаңында Астана қаласы мен Ақмола облысының мектеп жасындағы 3 000 бала біздің қордан оқуға қажетті мектеп керек-жарақтары бар мектеп рюкзактарын сыйлық ретінде қабылдады.

            Ақмола облысы білім басқармасының әкімшілігі, облыстың 20 ауданының  Білім бөлімдері,  № 1, 11, 12, 14 қалалық емханалардың, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы, Қазақ зағиптар қоғамы, "Өмірді сезіне отырып" зағип және нашар көретін балаларға арналған балалар орталығы, "Күн Томи" орталығының директорлары, сондай-ақ елорданың орта мектептерінің директорлары Қор басшылығына көрсеткен көмегі үшін алғыстарын  білдіреді.

          Қордың Қамқоршылық кеңесі барлық оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды және жаңа қызықты жаңалықтар, терең, берік білім алуда табыс тілейді!