Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис
Проекты - добрые дела фонда
"Достық" орталығына қажетті медициналық жабдық
2023 жылы "Ақниет" жеке қайырымдылық қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған үкіметтік емес ұйымдарға арналған байқауда "Жетім балалар, толық емес жыне көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек" номинациясы бойынша номинант атағына ие болды.
Қордың Қамқоршылық кеңесі 1 400 000 теңге сыйлығын тағы бір қалалық емханада кабинет ашу және оның жабдықтауына жіберуді шешім қабылдады. Бүгінгі таңда қалалық 3 емханада 4 кабминет ашылды және толық жабдықталды. Бұл "Жас ана кабинеті", "Босануға дайындық мектебі", Ресурстық кабинеттер".
"Достық орталығы" МКК Астана қаласындағы Байқоңыр ауданындағы халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Ол аудан қаланың шетінде ораналасқан. Байқоңыр ауданының жалпы ауданы 181,29 шаршы км болса, Достықтың қызмет көрсетілетін аумағы 44 шаршы км құрайды. «Чугунка», «Лесозавод», «Кирпичный» аудандары осы аумаққа кіреді. Жеке сектор басым және біраз жатақханалар кіреді. Достыққа тіркелген халықтың саны 22 мың адам құрайды, оның ішінде 7,5 мыңы балалар.
Бір жылда 420-430 жүкті әйел қаралады. "Достық" орталығының директоры Нұрданат Беркінғалимен ақылдасып, гинеколог кабинетіне Феталды монитор жабдығын алатын болдық. Ол жабдық кардиотокография орындау үшін қажет. Бұл жүктілік және босану кезіндегі ұрықтың жағдайын функционалдық бағалаудың қауіпсіз әдісі, ол нәрестенің белсенділігін көруге және оттегі жүрек жеткіліксіздігінің алғашқы белгілерін байқауға мүмкіндік береді (гипоксия).
Жабдықтың жоқ болуы неге әкеледі:
- жүкті әйелдер басқа медициналық ұйымдарға жіберіледі, кардиотокография жасау үшін кезектерде отыруға мәжбүр.
- ұрыққа қауіп төндіретін жағдайлар басталған кезде КТГ өткізуге мүмкіндік болмайды және госпитализацияға шешім қабылдау үшін алтын уақыт жоғалады.
Айта кету керек, Достық бойынша нәресте өлімі көрсеткіштері өте жоғары, 1000 нәрестеге 14,5.