Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис
Проекты - добрые дела фонда

Балаларға арналған Жаңажылдық мейрам
Желтоқсанның 28 күні М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында 150 баланың қатысуларымен Жаңа жылдық мейрам ұйымдастырылды. Олардың ішінде азқамтылған отбасылардан шыққан балалар, Астана қаласы Балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндіктері шектеулі балалар.
Мерекеде балалар ертегі кейіпкерлерімен, Аяз Ата мен Ақшақармен кездесті. Ән айтып, би биледі, көңілді ойындар мен дөңгелек билерге қатысты, шырша жағылды. Мерекенің екінші бөлігінде балаларға арналған мерекелік спектакль ұсынылды, онда балалар Сиқырлы атмосфераға еніп кетті. Барлық балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен керемет мерекелік көңіл-күй алды!
"Ақниет" қорының ұжымы М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының басшылығына және С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студент еріктілеріне үлкен алғысын білдіреді.