Не опоздай с добром

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - Жұма
сағат 10-нан 18.00ге дейін

Проекты - добрые дела фонда

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Дәстүр бойынша 1 маусым Балаларды қорғау күні ретінде тойланады. Бұл күн ересектерге балаларға қауіпсіздік пен олардың дамуы үшін лайықты жағдайларды қамтамасыз ету қажет екенін еске салады.

«Ақниет» қоры жыл сайын балаларға сыйлықтар табыстап, жарқын мерекелер ұйымдастырады. Сонымен, биылғы жылы қордан балаларға сыйлық алуды сұраған мекеме басшылары: Астана зағиптар қоғамы, Көру қабілеті нашар және зағип балаларға арналған "Өмірді сезіну" балалар орталығы, №11, №12 қалалық емханалардың директорлары. Жоғарыда аталған мекемелерден ерекше қажеттіліктері бар балаларға жұмсақ ойыншықтар, танымдық ойындар, сонымен қатар аниматорлардың қатысуымен көңілді бағдарлама түрінде 165 сыйлық берілді.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бисембаева Бағила Мүбаракқызы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, оларға амандық, шығармашылықта, спортта табыстар, сондай-ақ жазғы демалысты сәтті өткізуді тіледі.

Балалар – елдің ертеңі, сондықтан елдегі әрбір баланың сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, ілтипатқа бөленуі маңызды.